«Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығы негізінде материалдық-техникалық базаны дамытуға, мектепке дейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етуге білім беру ұйымына жәрдем көрсету үшін Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 наурызда № 32011 болып тіркелді.
Құрметті ата-аналар, меценаттар, жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе Құқық қорғау органдарының өкілдері, Теміртау қаласының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Балдырған» арнайы балабақшасы» КММ әкімшілігі сізге Қамқоршылық кеңестің жұмысына қатысуды және мектепке дейінгі ұйымды алқалы басқару ісінде толыққанды серіктес болуды ұсынады.
Кандидат құжаттарының тізімі:
- өтініш (еркін түрде);
- кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар. Кандидаттар кәсіптік (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.
Мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесінің құрамына мыналар кіруі мүмкін:
- мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (мектепке дейінгі ұйымның ата-аналар қоғамдастығының жалпы жиналысында іріктеуден өтеді)
- педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса);
- жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және / немесе құқық қорғау органдарының өкілдері;
- үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері;
- қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса);
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса)
Үміткерлерден өтініштерді қабылдау мерзімі:
11.09–30.09.2023 жылға дейін қоса алғанда.
Құжаттарды жіберу:
-поштаның адресі: 101401 Қарағанды облысы, Теміртау қ
Абай көшесі құрылыс 11А,
Электрондық адрес: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сайт: http://18.temirtau-sadik.kz - QR-код:
Мына телефон бойынша хабарласыңыз: 8 (7213) 98-15-20