Тәрбиеленушілер мен келушілердің ата-аналарына (занды өкілдеріне) арналған мектепке дейінгі ұйымға бару ережесі
- Подробности
Тәрбиеленушілер мен келушілердің ата-аналарына (занды өкілдеріне) арналған мектепке дейінгі ұйымға бару ережесі
- Подробности
Теміртау қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне балаларды қабылдау
- Подробности
Құрметті ата-аналар!
«Теміртау қаласының білім бөлімі» https://indigo.ootemirtau.e-orda.kz/ru/ автоматтандырылған жүйесінде 2021 жылғы 11 - 31 қазан аралығында кезекті «тазалау» басталатындығын хабарлайды. Жыл сайын, қолданыстағы заңға сәйкес, аталған процедура іске асырылады. Өтініш беруші өзінің мүдделілігін тағы бір жылға растамаса, яғни оларды ұзартпаса, кезектен барлық өзекті емес өтініштер алынып тасталатынын білдіреді. Өтініштеріңізді растау үшін (және өтініштің әрекет ету мерзімін ұзарту үшін) жеке кабинетке кіріп, «Менің өтініштерім» мәзір тармағын таңдап, «өтінішті растау» түймесін басып, жүйенің нұсқауларын орындаңыз.
Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғалар, кезектің кідіртілуін болдырмау үшін мүдделілікті растау рәсімінен өтуі қажет.
Ауа райының нашарлауы туралы
- Подробности
Ауа райының нашарлауы туралы
«Дауылды ескертулерді» алған кезде
ұсынылатын қауіпсіздік шаралары
(қатты жел):
- тез арада терезелерді, ғимараттардың есіктерін және шатырдағы үй-жайларды жабуды, ашық алаңдарда қатталған сусымалы және жеңіл материалдарды жабуды ұйымдастыру;
- көлік құралдарын, құрылыстар мен желкенді заттарды нығайту, үлкен ағаштардың аумағынан автокөліктерді шығарып тастау;
- үрлемелі құрылғыларды (батуттарды, бассейндерді және т. б.) және басқа аттракциондарды пайдалануға, сондай-ақ жүзу құралдарының суға шығуына тыйым салу;
- желдің күшін арттыру кезінде халыққа, қызметшілерге және жұмысшыларға ақпарат жеткізу және қозғалысты шектеу қажеттілігі туралы ескерту;
- мектептерде, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, демалыс лагерьлерінде, емдеу-поофилактикалық мекемелеріндегі науқастар мен қарт адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- дауылды ескерту кезінде ауданы үлкен әйнектелген терезе ойықтары бар үй-жайларда адамдардың болуына жол бермеу;
- жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының басшылары, автовокзал диспетчерлері дабыл түскен кезде халықты (жолаушыларды) хабардар етуге және автобустардың жүргізушілеріне дауылды ескерту, маршруттарда жүру тәртібі және ауа райының күрт нашарлауы кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы нұсқау беруге тиіс;
- адамдар көп шоғырланатын орындарда барлық жұмыс түрлерін жүргізуді шектеу;
- ашық ауада болған кезде үйлер мен құрылыстардан, жоғары бағандардан, ағаштардан, жарнама қалқандарынан, діңгектерден, тірелерден және электр сымдарынан алшақ болу қажет;
- тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердегі қатты жел кезінде ғимараттар мен құрылыстардың (шатырлар,төсемелер, қаптамалар және т. б.) конструкциялары элементтерінің жел жүктемелеріне жай-күйін тексеру;
- авариялық және жөндеу топтарының әзірлігін тексеру, резервтік топтарды қалыптастыруға кірісу. Кезекші диспетчерлік қызметті күшейту, жауапты тұлғалардың кезекшілігін ұйымдастыру;
- Төтенше жағдайлар мен барлық оқиғалар, халықтың тыныс-тіршілігінің бұзылу фактілері туралы ТЖД-не 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 немесе 112 телефондары арқылы хабарлау.
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті
Сақтық шараларын ұстану – судағы басты қауіпсіздік талабы.
- Подробности
Құрметті азаматтар!
Суға шомылу басынан бері суға бату оқиғалары жиіленіп кетті. Үлкен адамдардың қарауынсыз қалған балалардың суға кетуі ерекше алаңдатушылық тудыруда.
Осы уақытқа дейін ашық су айдындарында судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған демалушылар мен, балықшылардың суға бату жағдайлары орын алды.
Суға шомылу маусымында Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар қала тұрғындары мен қонақтарын, балалар лагерлері мен демалыс орындарының қызметкерлерін, сушаруашылық нысандарының басшыларын өздері мен жақындарына айрықша көңіл аударуға шақырады.
Сақ болыңыздар, судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар! Бұл өз кезегінде қайғылы оқиғалардың алдын алады.
Сіздерге әрқашан есте сақтауға тиіс қарапайым қағидаларды ұсынамыз:
- Жүзу білмесеңіз суға беліңізден жоғары тереңдікке бармаңыз;
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Мас күйінде суға шомылуға тыйым салынады;
- Бейтаныс орындарда суға түспеңіз;
- Жағалаудан алысқа ұзамаңыз;
- Өзіңізді үнемі бақылауда ұстаңыз;
- Түнгі уақытта шомылмаңыз;
- Үрмелі жүзу құралдарына сенім артпаңыз
- Суда қалқып тұрған желмен кеткен үрмелі құралдардың соңынан жүзбеңіз
- Жүзу кезінде тақтайшаларды және жүзуге арналмаған заттарды пайдаланбаңыз.
Жүзу құралдарын қолданғанда тыйым салынады:
- Құтқару және сутөкпе құралдарынсыз жүзуге шықпаңыз;
- Қайықтың ернеуі мен тұмсығына отырмаңыз;
- Бір орыннан екіншісіне, сондай-ақ судағы бір қайықтан басқасына орын ауыстырмаңыз;
- Қайықтан суға сүңгімеңіз;
- Жүзу құралдарын жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтерімділігінен артық жүктеуге;
- Бөгендер мен бөгеттерге жақын жерлерде жүзу және қайықты көпірдің астына тоқтату қауіпті.
Судағы қайғылы оқиғаның куәгері болған әрбір адам «жедел жәрдемнің» келуін күтпестен зардап шегушіге алғашқы көмек көрсете білуі тиіс.
Есте сақтаңыз! Зардап шеккен адамды тыныс алуы тоқтағаннан соң 5-6 минут ішінде өмірге қайтарып алуға болады.
Су аумағында демалу барысында жағалауда және суда төнуі мүмкін қауіп жайлы ұмытпау керек.
Сақтық шараларын ұстану – судағы басты қауіпсіздік талабы.