Қарағанды облысының ТЖД ескертеді!
- Подробности
Ыстық ауа райында келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
- кун астында көп уақыт болмаңыз,әсіресе денсаулығы әлсіз адамдарға!
- өрт қауіпі төнген кезде орман алқаптарына шығуды,шектеңіз!
- ыстық және желді ауа райында от жақпаңыз!
- сөндірілмеген сіріңкелерді,темекінің қалдықтарын,сынған шыныларды тастамаңыз!
- алауларды,мангалдарды (барбекюді) тұтатпаңыз!
- өрт қауіпі бар жұмыстарды жүргізбеңіз! (өртеу,мастикамен жұмыс және т.б.)
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- дем алатын жерді ластамаңыз!
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы телефондарға қоңырау шалу – 112, 101 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37.
«Malahit» бағдарламасы
- Подробности
Білім басқармасы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алуына қолдау көрсету, дамудың бұзылуын түзету және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімдеу мақсатында «Malahit» бағдарламасына ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім берудің электрондық жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Барлық арнайы білім беру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты барлық негізгі процестер автоматтандырылады.
Ақпараттық жүйе зерттеу актілерін, ПМПК қорытындыларын алу; білім алушыларды мектепке қабылдау және оқудан шығару процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. «Malahit» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі балалар санының толық көрінісін береді, оларды біліммен, психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтиды. Біз баланың анықталған және «ерекше білім беру қажеттілігі бар бала» мәртебесін алған сәттен бастап кез келген білім беру ұйымында оқуды аяқтағанға дейінгі барлық білім беру бағытын көреміз.
Барлық арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдары (мектептер мен балабақшалар) бір тізілімде болады.
«Malahit24.kz» түзету және ПМПК кабинеттерінде бүгінде бағдарлама арқылы 261 қызмет алушының онлайн режимінде өтініш беру нұсқаулары бар.
Баламен бірге жазғы демалыста
- Подробности
Құрметті ата-аналар (заңды өкілдері)!
- Подробности
Балабақшаға жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Е.Карибаевтың «Capital invwst LTD» ЖШС-нен алынған жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс түрлері бойынша хабарлаймыз: терезе және есік блоктарын ауыстыру; жылу торабын монтаждау; жылу еденін орнату; гелиоколлектор орнату; шырақтарды ауыстыру; электр жабдықтарын ауыстыру. «Балдырған» балабақшасы жөндеу жұмыстарын орындау үшін 2021 жылдың 01 шілдесінен 2021 жылдың 31 тамызына дейін уақытша жабылады. ӨЗГЕРІСТЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, ҚОСЫМША ХАБАРЛАНАДЫ!