Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті
Ауа райының нашарлауы туралы
«Дауылды ескертулерді» алған кезде
ұсынылатын қауіпсіздік шаралары
(қатты жел):
- тез арада терезелерді, ғимараттардың есіктерін және шатырдағы үй-жайларды жабуды, ашық алаңдарда қатталған сусымалы және жеңіл материалдарды жабуды ұйымдастыру;
- көлік құралдарын, құрылыстар мен желкенді заттарды нығайту, үлкен ағаштардың аумағынан автокөліктерді шығарып тастау;
- үрлемелі құрылғыларды (батуттарды, бассейндерді және т. б.) және басқа аттракциондарды пайдалануға, сондай-ақ жүзу құралдарының суға шығуына тыйым салу;
- желдің күшін арттыру кезінде халыққа, қызметшілерге және жұмысшыларға ақпарат жеткізу және қозғалысты шектеу қажеттілігі туралы ескерту;
- мектептерде, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, демалыс лагерьлерінде, емдеу-поофилактикалық мекемелеріндегі науқастар мен қарт адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- дауылды ескерту кезінде ауданы үлкен әйнектелген терезе ойықтары бар үй-жайларда адамдардың болуына жол бермеу;
- жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының басшылары, автовокзал диспетчерлері дабыл түскен кезде халықты (жолаушыларды) хабардар етуге және автобустардың жүргізушілеріне дауылды ескерту, маршруттарда жүру тәртібі және ауа райының күрт нашарлауы кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы нұсқау беруге тиіс;
- адамдар көп шоғырланатын орындарда барлық жұмыс түрлерін жүргізуді шектеу;
- ашық ауада болған кезде үйлер мен құрылыстардан, жоғары бағандардан, ағаштардан, жарнама қалқандарынан, діңгектерден, тірелерден және электр сымдарынан алшақ болу қажет;
- тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердегі қатты жел кезінде ғимараттар мен құрылыстардың (шатырлар,төсемелер, қаптамалар және т. б.) конструкциялары элементтерінің жел жүктемелеріне жай-күйін тексеру;
- авариялық және жөндеу топтарының әзірлігін тексеру, резервтік топтарды қалыптастыруға кірісу. Кезекші диспетчерлік қызметті күшейту, жауапты тұлғалардың кезекшілігін ұйымдастыру;
- Төтенше жағдайлар мен барлық оқиғалар, халықтың тыныс-тіршілігінің бұзылу фактілері туралы ТЖД-не 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 немесе 112 телефондары арқылы хабарлау.