Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Балдырған» арнайы балабақшасы» КММ-де 2022, 2023 жылдарға Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
талдамалық анықтама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 " Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, интеллект бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы МДҰ-ға (арнайы бөбекжайлар, арнайы балабақшалар) және МДҰ-дағы арнайы топтарға кезек психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымына сәйкес әрбір туған жыл үшін балалардың туған жылы бойынша жеке қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мектепке дейінгі білім беру саласында 1 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қызмет автоматтандырылған, электрондық ақпараттық жүйеде көрсетіледі.
Электрондық нысанда арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін балаларды кезекке қою бойынша қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті техникалық сүйемелдеуді «Малахит 24», https://malahit-karaganda-bilim.e-orda.kz ақпараттық жүйесі жүзеге асырады, оның көмегімен орындардың қалай бөлінетіні туралы толық ақпарат алуға болады: Кезекте тұрғандардың тізімдері, арнайы балабақшалардағы орындарды босату хаттамалары, нақты бос орындардың тізімдері.
Платформа Мемлекеттік деректер базасымен, «Индиго 24», https://indigo-ootemirtau.e-orda.kz/ жүйесімен біріктірілген, бұл жалған құжаттардың пайда болу қаупін барынша азайтады, жеңілдіктерді негізсіз пайдалану мүмкіндігі. Қосымшаны мобильді құрылғыларда пайдалануға болады.
2022 жылы құжаттарды қабылдау және балаларды б/б-ға қабылдау бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетілді – 66;
2023 жылы - 76